Медиа орталық

Қостанай облысы

Еуропадағы ең ірі ауылшаруашылық техникасының өндірушісі Қазақстанда өндірісін ашуы мүмкін

Еуропадағы ең ірі ауылшаруашылық техникасының өндірушісі Қазақстанда өндірісін ашуы мүмкін

Еуропадағы ең ірі ауылшаруашылық техникасын өндіруші «Alpego» компаниясы Қазақстанда өз өндірісін ашу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы инвесторлар Қостанай облысына жасаған сапары барысында хабарлады.

Сапар барысында Kazakh Invest компаниясының аймақтық өкілдігі инвесторлар үшін жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу ұйымдастырды. Өз кезегінде шетелдік қонақтар өз өнімдерінің таныстырылымын өткізді.

Екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша жергілікті «АгромашХолдинг» және «Композит Групп» ЖШС өкілдері бірлескен өндірісті ұйымдастыруға қызығушылық танытты: «Италиядан келген әріптестеріміздің ұсыныстары бізге өте қызық. Компания осы салада 50 жылдан астам жұмыс істеп келе жатыр. Осы кезеңде біз бірқатар талдауларды өткізуіміз керек, оның қорытындысы бойынша біз өндірістік процестері мен кәсіпорынның тәжірибелік алаңдарында жабдықтардың жұмысымен егжей-тегжей танысу үшін Италиядағы негізгі өндіріске баруға дайынбыз», - деді қазақстандық өндіріс саласының өкілдері.

Қостанай облысындағы Kazakh Invest аймақтық өкілдігінің директоры Бейсен Жолболдиев итальяндық компаниялардың өкілдері қазақстандық нарықта өнімдерді сатуға ғана емес, бүкіл еліміздің экспорттық әлеуетіне қызығушылық танытып отырғанын атап өтті: «Бүгін инвесторлар сенімді жергілікті серіктесті іздестіріп жатыр. Олар Қазақстанда одан әрі жинауға арналған қосалқы бөлшектерді беруге дайын. Құндылығы бойынша, олардың жабдықтары бәсекелестеріне қарағанда қымбатқа түседі, алайда қазақстандық нарықта бағаны зерттеген инвесторлар өнімнің өзіндік құнын төмендетуге дайын. Еуропалық өнімдерінің сапасы әлдеқайда жоғары. Сонымен қатар, итальяндықтар топырақтың құнарлылығын арттыратын егістік кезінде жерді жұмсартатын қарқынды технологияны пайдалануда», - деді ол.

«Alpego» компаниясы топырақ өңдейтін машиналарды өндіруге мамандандырылған: соқалар, қопсытқыштар, жұмысартқыш, құрама сепкілер, тырмалар және т.б. Компания, қосалқы бөлшектерді қоспағанда, жылына 3500 бірлік техника шығарады. Жалпы өндірістің 65%-ы экспортталып, ішкі нарыққа 35% сатылады. Компанияның Италия, Франция, Жапония, Канада және Ұлыбританияда өз зауыттары бар. Компанияның жылдық айналымы 40 миллион еуродан асады.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге