Жетістік тарихы

Жетістік тарихы
«Евраз Каспиан Сталь» ЖШС

2014 жылы Қостанайда ұсақ сұрыпты илекті өндіру зауыты - «ЕвразКаспианСталь» пайдалануға енгізілді.

Зауыт үдемелі индустриалды-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламаның аясында құрылды. Бұл бағдарлама эксклюзивтік жобаларға толы, «ЕвразКаспианСталь» зауытына толығымен қатысты. Қазақстанда оған ұқсас зауыт жоқ.

Құрылтайшылар Қостанайда зауыттың құрылысы жөніндегі шешімді Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы үкіметаралық бастамалары негізінде қабылдады – бұл ЕВРАЗ ресейлік тау-кен металлургиялық компаниясы (65%) және «Caspian Grup» қазақстандық холдингі (35%).

Қостанай облысының аумағында қуаттылығы 450 мың болат илегін құрайтын зауыттың орналастырылуы компания алдында Ресей Федерациясы мен Орталық Азия нарығын аша отырып, көлік-логистикалық артықшылықтарымен шартталған.

Қазір, зауыттың өнімі Қазақстанның нарығында және ТМД елдерінде (Ресей, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан) сатылады. Зауыт заманауи жоба бойынша салынды және озық техниканы пайдаланады.

«Евраз Каспиан Сталь» ЖШС шығаратын өнімнің номенклатурасы:
  • ыстықтай жәміштелген дөңгелек илек;
  • темірбетонды құрылымдарды арматуралауға арналған кезеңді бейіннің ыстықтай жәміштелген арматуралық илегі;
  • темірбетонды құрылымдарға арналған кезеңді бейіннің термомеханикалық беріктелген арматуралық илегі.

Кәсіпорында бірегей болып саналатын А-500СП класты арматураны шығарады. Қазіргі таңда екінші болат дайындамаларды өндіретін зауыт құрылысының жобасы қаралуда.

Осы өндірістің іске қосылуы кәсіпорынды Ресейден шикізатты тасымалдау сияқты қосымша шығындардан құтқарады. Қостанай аймағында болат өндіру үшін толығымен табиғи ресурстар (темір кені) бар.

Зауыттың құрылысы кезінде кәсіпорынға Қазақстан даму банкімен жеңілдікпен қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында кәсіпорынға жылдық 5% көлеміндегі пайыздық мөлшерлеме қаражаттандырылды және жетіспейтін инфрақұрылым (темір жол тұйығы) салынды.



Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге