Жетістік тарихы

Жетістік тарихы
«Жас-Қанат 2006» ЖШС

Негізгі бағыты – тағамдық жұмыртқа және ет өндірісі.

Мемлекеттің қолдауы арқасында «Бизнестің жол картасы - 2020» аясында «Жас-Қанат 2006» құс фабрикасы 2007 жылдан 2015 жылға дейін 3 млрд. теңгеден астам инвестицияны тартып, жетілдірудің 3 сатысын өтті.

Жаңа ғимараттар салынды және жұмыс істеп тұрған ғимараттар қайта құрылды, жетекші еуропалық өндірушілердің жаңа технологиялық жабдықтары сатып алынды және орнатылды, барлық қажетті инфрақұрылым құрылды.

Үдерістердің автоматтандырылуы жұмыртқа өндірісін жылына 7 млн-нан 250 млн данаға дейін, яғни шамамен 35 есеге, етті 30-дан 500 тоннаға немесе 15 есе арттыруға мүмкіндік берді. Құс орындары 100 мыңнан 1,4 млн-ға дейін немесе 14 есе артты. Еңбек өнімділігі 1,5 еседен артық өсті.

Жаңа технологиялар өнімді қолмен таңбалаудан және сұрыптаудан бас тартуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, кәсіпорында лоттық өнімді шығару бойынша желі іске қосылды.

Өндірістің автоматтандырылуы сегіз сағаттық жұмыс күні ішінде миллион жұмыртқаға дейін тасымалдауға және буып-түюге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның штат саны 200 адамнан көп.

Өндірілетін өнім елдің барлық аймақтарында өткізіледі, сондай-ақ Ресей, Ауғанстан, Тәжікстан және Қырғызстанға экспортталады.

Ағымдағы жылда Иран және Қытайдың жаңа нарықтары игеріліп жатыр.

«Жас-Қанат 2006» ЖШС «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ақылды құс фабрикасы» жобасын іске асырды.

Автоматтандыру және цифрландыру тұрғысынан кәсіпорын бірегей болып табылады, барлық өндірістік үдерістердің 90% автоматтандырылған:

  • Шикізатты электрондық өлшеу жүйесі орнатылды;
  • Қоспа жемді дайындау үдерісі толығымен автоматтандырылды;
  • Автоматтық жүйелері бар заманауи торлы жабдық орнатылды;
  • Жұмыртқаны сұрыптау цехына автоматты тасымалдау;
  • Заманауи сұрыптайтын автоматты машина;
  • Автоматты құс сою желісі.

Сонымен қатар, алдағы үш жылда сандық технологияларға шамамен 2 млн. теңгені инвестициялау жоспарланып жатыр.

ERP (Enterprise Resource Planning) жүйесін ендіру технологиялық үдерістердің сапасын жоғарлатуға және өндірістік мәселелерді тез, оның ішінде қашықтықтан шешуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, кейіннен жетілдіру аясында жұмыртқа, ет және басқа да өнімді терең өңдеудің автоматты желісін іске қосу мүмкіндігі қаралуда.

Сондай-ақ, импортты алмастыруды дамыту мақсатында 2019-2021 жылдарға әлемдік жетекші өндірушілердің автоматтандырылған жабдығымен толықтай жабдықталған тұқымдық репродуктордың құрылысы жоспарланды.

Осы жобаның іске асырылуы импортты 40%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.



Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге